Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ақтауда сала ардагерлерімен кездесу өтті. Басқосуда тәжірибелі акушерлер еңбек жолынан сыр шертіп, жас буынмен тағылымды естеліктерін бөлісті. Шара барысында денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін ардагер Светлана Мәдиеваға «Еңбек ардагері» төсбелгі табысталды.