Мереке күндері қаладағы тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Полиция қызмекерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында міндеттерін толық атқарады. Солардың қатарында Гүлахмед Исмайлов та бар. Ұлты әзірбайжан болғанымен, Маңғыстау жерінде дүниеге келіп, қазақ тілін меңгерген. Бүгінде ел тыныштығын сақтау жолында қызмет етіп жүр.