Бүгін Ақтауда Айсырға Қилыбаеваны еске алу кеші өтті. Шара ақынның 75 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. "Өткен күнде өрнек бар" атты поэзия кешінде ақынның үзеңгілестері, өнердегі аға інілері естелік әңгімелерді бөлісті.