Аймақта "Мүгедектерді әлеуметтік және тұрмыстық бейімдеу орталығы" ашылды. Аталған нысан омыртқасы мен жұлыны зақымдалған мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірге бейімдеуге сеп болмақ. Орталық мамандары мұнда келушілерді күнделікті тіршілікте өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына үйретеді.