Облысымызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 4 жаңа мектептің құрылыс жұмыстары аяқталып, толықтай пайдалануға дайын. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласының 33 шағын ауданында бой көтерген мектептің бүгінгі жағдайымен танысты.