Соңғы 5 жылда өңірдегі туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Аурушаңдық деңгейі 39 пайызға төмендесе, өлім-жітім 60 пайызға азайған. Былтыр 285 маңғыстаулық бұл ауруды жұқтырған. Ал биыл туберкулез ауруы 2 айдың ішінде 60 адамнан анықталған.