Қабырғадағы қолөнер
Кейінгі кезде көпшіліктің барельефке деген қызығушылығы артқан. Қабырғаны әртүрлі кескін арқылы безендіру сәнге айналып келе жатыр - дейді суретшілер. Солардың бірі - Назерке Ақмурзина. Жас дизайнер тұрғын үй кешендері, балабақша, мейрамхана сияқты әлеуметтік нысандардың қабырғасын тапсырысқа сай бедерлеумен айналысып жүр.