"Біз адамбыз, біз біргеміз" қоры мерекеде 250 баланы қуантты. Қоғамдық ұйым басшысы биылғы балаларды қорғау күнінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасады. Бүлдіршіндердің "Tree of life" демалыс базасында тынығуына мүмкіндік туғызып, оларға ерекше көңіл күй сыйлады.