Өңірдегі онкологиялық диспансер мен Жаңаөзен қалалық №2 емханасында бірыңғай «Ашық есік» күні өтті. Жаңаөзендіктерге медициналық көмек беру үшін облыс орталығынан онколог-маммолог, онколог-хирург, онколог-гинеколог және УЗИ маманы бар арнайы медициналық бригада жіберілді.