Тақырыпты жалғастырамыз. Айт күні құрбандыққа мал шалынып, мұқтаж жандарға таратылады. Иісі мұсылман қауым жоқ-жітік жандарға көмектесіп, сауапты іс жасайды. Бұл күні өңір жұрты мал базарына қарай ағылады. Мереке қарсаңында төрт түліктің бағасын білу үшін арнамыздың түсірілім тобы сауда орындарын аралап қайтты.