1970 жылы 15 тамызда өзінің алғашқы хабарын өз көрермендеріне ұсынған Маңғыстау телеарнасына биыл 55 жыл.Жарты ғасырдан астам уақыт тарихы бар өңірлік арна кәсіби кадрлар ұстаханасына айналды.Ұдайы іздену, ілгерілеу талабын көздеп жастарды шыңдады.Осылайша, ісіне адал, сөздің салмағын сезіне білетін тілшілер қалыптасты.Бүгінде олардың басым бөлігі республикалық телеарналарда диктор, меншікті тілші қызметін атқарады.Бүгінгі кейіпкерлеріміз өлке арнасынан түлеп ұшқан Айымгүл Молдамұратова мен Талғат Әділ.