"Есмәмбет ата" қорым аумағында сенбілік өтті. Айналасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, сонымен қатар, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Қасиетті орынның тазалығын сақтауға бағытталған игі шара халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.