Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Yessenov University-де түлектерге диплом тапсыру рәсімі өтті. Ашық аспан астында ұйымдастырылған салтанатты жиында университет бітірген 1800 жас маманға жоғары білім туралы диплом табысталды. Соның ішінде 43 түлек үздік  диплом иегері атанды.