Бүгін, World Boxing Әлем кубогының жеңімпаз Бекзат Нұрдәулетовке құрмет көрсетілді. Чемпионды құттықтау шарасына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғаған жерлесімізге облыс әкімінің атынан алғыс білдірді.