Үйлері апатты деп танылған жаңаөзендік тұрғындар бір жарым жылдан бері қауіпсіз жерге көше алмай жүр.Жергілікті шенділер берген уәдесін орындамаған соң, халық амалсыз облыстық әкімдікке барып талаптарын айтты.Апатты деп танылған баспана орнына жаңа пәтер алу үшін жергілікті бюджеттен 400 млнға жуық теңге бөлінген.Жергілікті билік осы қаражатқа пәтер алып беруі керек болған.Алайда жаңаның орнына сапасыз үйді беріп құтылмақшы, дейді тұрғындар.