Алтыбақан - ежелден қазақ жастарының негізгі ойын -сауығы, кешкі басқосар жері. Дәстүрді жаңартпаққа жыл сайын Отпан тау баурайындағы "Қарашаңыраққа" Маңғыстау жастары жиналады.Бұл үрдіс биыл да жалғасты. Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық мәдениет үйі ұйымдастыруымен "Ай астында - Алтыбақан" мәдени кеші өтті.Алдымен "Қарашаңырақта" салт-дәстүрден сахналық қойылым көрсетілді.