Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өз мәресіне жетті. Өнер додасына әр аймақтан және түркітілдес мемлекеттерден келген 10 театр ұжымы қатысты. Үш күнге созылған ауқымды шараның нәтижесінде өнерпаздар бірнеше номинациямен марапатталды. «Nomad puppet Aqtau» атты ауқымды шараның жабылу салтанатына арнамыздың түсірілім тобы куә болып қайтты.