Бейнеуде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» іс-шарасы өткізілді. Басты мақсат - аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер бойынша түсінікті және қолжетімді кеңес беру.