Ақтаулықтарға Түркияның дәрігерлері тегін медициналық кеңес береді. Бұл туралы Ақтау әкімдігінде өткен кездесуде айтылды. Жиынға қала әкімі Әбілқайыр Байпақов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, Түркияның медициналық ұйымдарының басшылары - Үміт Шам мен Мехмет Шахин қатысты.