Жаңаөзенде педагогтердің біліктілігін арттыруға бағытталған «Дарын жолы» қайырымдылық жобасы басталды. Қазақстан бойынша алғаш рет мұнайлы қалада қолға алынған бастама «Қазмұнайгаз» және «ӨМГ» акционерлік қоғамының қолдауымен, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының серіктестігімен жүзеге асырылды.