Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері қараша айының 22-күні «Ашық есік» күнін өткізеді. Таңғы сағат 09.00-де басталып, түскі 13.00-ке дейін жалғасатын медициналық шарада өз денсаулығына бейжай қарамайтын барлық тұрғындар келіп, тегін тексеріле алады, - деп хабарлайды орталықтың Баспасөз қызметі.