Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялады. Макс Райв төрткүл әлемдегі таңғажайып табиғат пейзаждарын суретке түсіріп, өзінің арнайы сайтына жариялайды. Оның ішінде Қазақстанға арнайы бөлім бар.