Ақтау қаласында қоқыс төгетін орындағы контейнерлер жаңартылып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 400-ге жуық жәшік қойылған. Жауапты компания жыл соңына дейін заманауи еуро-стандартқа сай 2 мыңнан астам контейнерді ауыстыруды жоспарлап отыр және соңғы үлгідегі 25 қоқыс шығаратын автокөлік сатып алған. Бұл туралы қаладағы коммуналдық қызметпен айналысатын компания өкілі хабарлады.