Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа институт - Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынды. Аталған орган елдің жоғары консультативтік құрылымы болмақ. Сондай-ақ Президент Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу мен оларды орынды пайдаланатын отаншыл азаматтарды жан-жақты қолдау қажеттігін атап өтті.