Ұлттық киімдерді тек сахнада немесе мерекеде ғана емес, күнделікті өмірде кию сәнге айналып келеді. Әсіресе Маңғыстауда амал мен әз-Наурыз мейрамына халық ерекше дайындалады. Соған сай жергілікті шеберлер мен сәнгерлер де ұлттық киімге деген сұранысты қанағаттандырып отыр.