Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «OzenMunaiProm» серіктестігімен мен Medal Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында инвесторлар Жаңаөзен қаласында газпоршеньді электр станциясын жаңғырту және кеңейту жобасы, қаланың энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін жобаларын таныстырды.