Ақтауда «Инклюзивті білім беру» пилоттық жобасы аяқталды. Жалпы облыс бойынша ерекше білімді қажет ететін 7 мыңға жуық бала бар. Ал бұл осы саланы дамыту керектігін көрсетеді. Осы бағытта ерекше балалармен жұмыс жасайтын педагогтерге арналған 2 апталық тренинг ұйымдастырылды.