Биыл Ақтаудағы орталық жолдардың 15 мың шақырымына жөндеу жасалады. Сондай-ақ шағын ауданішілік 50 мың шақырым шұңқырлы жол жөнделеді. Ал 34А, 35, 32б, 32А шағын аудандары қиылысынан 19А, 19, 18 бен 20-шы шағын аудандар қиылысына дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.