Маңғыстау облысында қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Мамандардың мәліметінше, өңірде тіркелген науқастардың басым бөлігі - вакцина алмаған балалар. Өткен жылы облыста қызылшамен ауырған 174 жағдай анықталса, биыл қаңтар айынан бері тағы 133 жағдай тіркелген.