"Бесік жыры - ұлт рухы." Шетпе ауылында осындай атаумен ұлттық құндылықтар дәріптелген әжелер байқауы өтті. Сайыста 8 ақжаулықты ана бақ сынады. Олар ұмыт бола бастаған бесік жырын қайта жаңғыртып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбиенің мәнін жеткізді.