Төл арнада «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» атты жыр марафоны өтті. Қашаған Құржіманұлының туғанына 185 жыл, Сәттіғұл Жанғабылұлының туғанына 150 жыл толуына орай «MANGYSTAU» телеарнасы мен Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен жыр марафоны тікелей эфирде көрсетілді.