Құрық ауылындағы Наурыз мерекесі өзінің ұлттық нақышымен, дәстүрлі ойындары, көріністерімен ерекшеленді. Балалар мен ересектердің қатысуымен өткен ұлттық ойындар, көрмелер мен концерттер думанды мерекенің көркін одан әрі ашып, ауыл тұрғындарының көңіл-күйін көтерді.