Әуеде көмек көрсетті. Ақтаудан Астанаға бағыт алған ұшақта жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлады. Осы сәтте ақтаулық төрт дәрігер науқасқа жедел медициналық көмек көрсетті. Қан қысымы көтеріліп, жағдайы қиындаған жолаушыға дер кезінде қол ұшын созған дәрігерлер небәрі 10 минут ішінде оның жағдайын тұрақтандырған.