100 оқушы домбыра тартты
Ақтауда Республика күніне орай 100-ге жуық оқушы домбыра тартты. «Ұлт рухы – домбыра үні» атты шараға зияткерлік мектептің «Қос перне» домбырашылар ансамблі қатысты. Жас өнерпаздар «Келіншек», «Кеңес», «Тепеңкөк» сынды халық күйлерін орындады. Сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің «Ататолғауы», Әбдімомын Желдібаевтың «Еркесылқымы» және Құрманғазының «Адай» күйлері шырқалды.