Ақтауда «Педагогтардың кәсіби бағдар беру құзыреттілігін дамыту: оқушылардың саналы мамандық таңдауына педагогикалық қолдау көрсету технологиялары» тақырыбында профориентологтардың кәсібилігін арттыруға арналған курс өтті. Курс педагогтердің кәсіби бағдар беру саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетуге бағытталды.