Негізгі Жаңалықтар Ана тілі - мәңгілік мұра

Ана тілі - мәңгілік мұра

5 қыркүйек - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен «Ана тілім - мәңгілік елдің мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. . Жиында қазақ тілінің қоғамдағы орны, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оны дамыту бағыттары сөз болды. Қатысушылар ана тілін ардақтау - әр азаматтың парызы екенін атап өтті. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің маңызына да тоқталды. Шарада Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан еңбегі кеңінен айтылды. Оның ұлт руханиятына сіңірген өлшеусіз мұрасы дәріптелді. Жиын барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Бөлісу