Балық шаруашылығын дамыту жолдары талқыланды
Маңғыстауда балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа жоба қолға алынбақ. Түпқараған ауданында өткен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысында балықты терең өңдеу цехын ашу жоспары айтылды.