Әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
Бейнеу ауданында резервтегі әскери міндеттілердің «Бейнеу - 2026» атты тактикалық-арнайы оқу-жаттығу басталды. Оның мақсаты - мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, әскери міндетті азаматтардың даярлығын арттыру. Сондай-ақ төтенше және әскери жағдайларда аумақтық қорғаныс құрылымдарының жедел әрі үйлесімді әрекет етуі пысықталады.