Күні кеше осы мәселеге байланысты кездесу өтіп, прагалық мамандар арнайы келіпті. Олар "шұбат адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, түрлі ауруларға себеп" деген пайымнан танбай отыр.
Кирилл Осин - «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ төрағасы
Шұбаттың құрамында Полихлорланған дифенилдер мен мырыш анықталды. Ол бауыр мен репродуктивті жүйенің зақымдауына әкеліп соқтырады. мырыш ол анемия мен ұйқы безінің зақымдауын тудырады. Тіпті, кей аймақтарындағы балалар ауруының ұлғаюын байқап отырмыз.
Осылайша, ғасырлар бойы мың сырқатқа ем болған шұбатты шетелдіктер қатерлі деп шешті. Олар сынамаларды облыстың Шетпе, Жармыш, Басқұдық, Ақтау, Құрық, Ақшұқыр, Таушық, Қызыл-төбе елді мекен түйелерінен алыпты. Химиялық талдау жүргізген. Десекте, ғалымдардың бұл пікіріне ақтаулықтар келіспейді.
Сауалнама:
- Германияда соғыста болған азамат шұбат пен емделген. Шетелдіктер осылай мойындағанда шұбатты зиян деу мүмкін емес. Илья Ильиннің өзі жарыстарға қақатың ұлттық тағамдарын жеп чемпион болып жүрген жоқпа? Ол қалай сонда?
- Ал, ғалымдар айтқан екен сау болсын оған. Бірақ қазақ екенімізді ұмытпауымыз керек. Шетелдік напиткаларды ішкеннен қазақтың осындай суын ішіңдер.
- Асқазан, өкпедегі жараларды осы ұлттық сусын мен емдеген жоқ па? Мүмкін емес. Ол денсаулыққа өте пайдалы.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген азаматтар үшін бұл жаңсақ пікір. Зерттеушілердің сынама қортындысы тағамтанушыларды екі ұдай ойға қалдырды. Республикалық Ұлттық тағамтану академиясының Маңғыстаудағы өкілі сүт құрамындағы концентрацияны экологиялық ахуалмен байланыстырады.
Әлімжан Сағынбаев - Республикалық қазақ тағамтану академиясының МОФ жетекшісі
Түйенің жайылымына байланысты. Маэк, Қошқар ата қасында жайылса түйелер онда мүмкін. Бірақ азғантай ғана түйелерден алынған сынама нәтижесін зиян деу, әлі зерттеу керек.
Шұбат- бұл біздің ұлттық брендіміз. Сыйлы қонаққа ұсынатын сусынның бірі. Дәруменге толы, шипасы мол. Пайдасы шаш етектен. Мұны әр қазақ ықылым заманнан біледі. Алайда, чех мамандарының зерттеу нәтежиесі елді таң-тамаша қалдырды. Шипасы мол шұбатты ағзаға зияндығы туралы әлі де зерттеулерді қажет етеді - дейді мамандар. Өкпе ауруы мен гастрантология саласында пайдаланылатын өнім туралы ғалымдар том-томдап еңбек шығарғандарыда ұмытылмауы керек.