Ақтауда Қазақстанның нефрологтар мен трансплантолог мамандарының І Ұлттық конгресі басталды. Екі күнге созылатын жиында жалпы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарға сапалы қызмет көрсету жайы талқыланбақ. Медицина мамандарының бас қосуына Грузия, Ресей, Беларусь және Туркия елдерінің нефролог мамандары келді.
Конгрестің жұмысына еліміздің және алыс-жақын шетелдерден барлығы 250-ден астам делегат келді. Басқосуда бүйрек ауруына шалдыққан науқастарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту жайы сөз болды. Бүгінгі таңда өңірде 140 адам бүйрек жетіспеушілігімен ауырады.
Клара Оралбаева - МО денсаулық сақтау басқарма басшысының м.а.
Олар гемодиалез аппараттан ем алып жүр. Олардың 76 бүйрек алмастыруға дайындық үстінде. 48 науқас трасплантация жасалған. Олардың 56 пайызы елімізде жасалған.
Сандуғаш Орынбаева Конгреске арнайы Астана қаласынан келген. 2009 жылдан бері бүйрегі ауырады. Жыл өткен сайын денсаулығы нашарлай түскен. Былтыр қыркүйек айында бүйрегіне транплатация жасалған.
Сандуғаш Орынбаева
Мен үмітімді үзген жоқпын. Сендім. Ауырып жатқан кезімде Павлодар қаласының тұрғынының бүйрегі сай келді. Естігенімде қалай қуанғанымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маған донор болған адамның туысқандарына үлкен рахмет. Сондықтан бүйрегі ауыратын адамдарға айтарым, үміттеріңді үзбеңдер.
Елімізде бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқас көп. Соңғы кездері науқастарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде әр өңірден диализ орталықтары ашылды. Жалпы,бүйрекке трансплантация 2010 жылдан бері жасалып келеді. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында трансплантация орталығы бар.
Мәди Беғалиев - трансплантация орталығының директоры /ОҚО/
Қазіргі таңда 100 көп бүйрек ауыстырдық. 10 көп бауыр ауыстырып жатырмыз. Мен осыны дұрыс деп ойлаймын.
Сергей Коротков - трансплантолог /Беларусь/
Ақтауға қазақстандық әріптестерім шақырды. Жиында біз өзара тәжірибемен бөлісеміз. Қазақстандық транплантогтардың жетістігі көп. Көптеген ота сәтті жасалды.
Конгресс аясында еліміздің әр түпкірінен келген дәрі-дәрмектер мен аппараттар көрмеге қойылды. Мәселен, мына " Жасанды бүйрек" аппаратына 4 мың адам тәуелді екен.
Думан Медеуов - "Бүйрек орталығы " мекемесінің директоры
Маңғыстау облысындағы бүйрек ауруына шалдыққандарға емделуге мүмкіндік көп. Мәселен, қазан айында Жаңаөзен қаласында гемодиализ орталығы ашылады. Мұнан бөлек, Бейнеу ауданына жыл соңына дейін екі "Жасанды бүйрек" аппараты сатып алынады. Қазір тиісті мамандар оқытылып жатыр.