Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің қызметі сан алуан . Мәдени орталыққа қаланың түкпір-түіпірінен балалар оқиды. Әртүрлі жастағы балалар тәжірибелі ұстаздардан білім алып, қабілеттерін шыңдайды. Мәдениет сарайының ұстаздары сонымен бірге ересектермен де тығыз жұмыс жасайды. Кешенде вокал, аспаптық музыка, халық әндері, классикалық және эстрадалық би, сән мен театр секілді өнер түрлері насихатталады.