Салтанатты бас қосуда қала басшысы шаһардың әлеуметтік- экономикалық  дамуында әйелдер қауымының   аянбай еңбек еткеніне   ризашылық танытатынын жеткізді. Мерекелерімен құттықтай келе бір топ нәзік жан иелеріне құрмет көрсетті.

Елубай Әбілов - Жаңөзен қаласының әкімі

Замананың әйел баласы ер азамтпен  иық тірестіріп, бүкіл ауыртпалықты нардай бірге бөліскен, ұрпақты сақтап, ұлтты ұйыстырушы бола білген. Сондықтан да, қазақ әйелі мәңгіліктің, елдіктің, биіктіктің өлшемі! Барлығыңыздың отбасында сәидің шат күлкісі азаймасын, ырыс несібе ортаймасын!

Бүгінде қала көлемінде көп балалы аналарды марапатт¬ау жалғасын табуда. Ұрпақ өсіріп, елдің демогр¬афиялық көрсеткішінің жоғарылауына үлес қосып келе жатқан аналар қашанда құрметке лайық. Көп бала тәрбиелеп өсірген Жаңаөзендік бес анаға Елбасы жарлығымен алтын және  13 ақ жаулықтыға  күміс алқа медалін тақты. Солардың бірі - алтын құрсақты Нұрсұлу Орынбаева. Жеті бала өсіріп отырған ол, өзін ең бақытты анамын  санайды.  Өйткені Нұрсұлудың  басты байлығы-балалары.

Нұрсұлу Орынбаева - "Алтын Алқа" иегері

Жақсы дәрежеде балаларымызды өсіріп жеткізіп, солардың жетістіктерін көрсек сол әйел бақыты деп ойлаймын.  Отбасыда ауызбіршілік болса.  Әйелдерді, ана әпкелерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймын. Барлығына денсаулық тілеймін!

Сонымен қатар,  қажырлы қайратын  қызметіне арнап, отбасының да ұйытқысын сақтап отырған бір топ нәзік жан иелері қала әкімінің алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиын   мереке иелеріне арналған  концерттік бағдарламамен ұласты.