2025-2028 жылдар аралығында Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласын жүйелі дамыту үшін 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл бастамалар мемлекеттік қолдау мен жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.