Ақтауда әйелдерге арналған бизнес-форум өтті. Іс-шара  маңғыстаулық кәсіпкер әйелдерді бір арнаға тоғыстырды. Форум аясында жәрмеңке-көрме ұйымдастырылып, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту саласына қатысты өзекті тақырыптар талқыланды.