"Махабат мұнарасы". Сезім мен сергелдеңге толы спектакль. Пьеса желісі әмірші Ақсақ Темір мен оның кіші әйелі арасындағы оқиға төңірегінде өрбиді. Әмірші сүйіктісінің  көңілі өзге біреуге ауған.  Айбатты хан тағдыр тәлкегінің алдында шарасыз күй кешеді. 

Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша әдемі мұнара тұрғызбақшы болады. Мұнараны салу кезінде жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң, мөлтек сыр ұлы сезімге жалғасад. Әміршінің жарына ынтық болған жігіттің сезімі әшкереленіп, хас шебер дарға асылады.

Жасұлан Смағұлов - Ақтау қаласының тұрғыны

Махаббат мұнарасы ұнады. Бұл Әбіш Кекілбаевтың керемет туындыларының бірі. Керемет ұнады.

Ашкөздік. Сатқындық. Билікке талас. Бұл "Лир патша" спьектаклінде айқын көрінеді. Пьеса әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа негізделеді. Ұлы Лир патшаның еліне жүргізген өктем билігі балалары алдында әлсіз болады. Қойылым көрермендерге мейірімсіздік пен махабаттың ара жігін ашты.

Дулыға Ақмолда - ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Халық үшін ел үшін қызмет жасаған Әбіш ағаның жазған дүниелерін сахналау. Бұл үлкен мүмкіншілік туғызатын фестиваль. Лир патша спектакльін алып келдік. Осы пьесаны Әбіш аға аударған. Аударма ғажап. Әбіш аға Шекспирдің көп дүниесін аударған.

Айман Бөпежанова - Ақтау қаласының тұрғыны

Бізге өте жақсы ұнады. Әке мен бала арасындағы қатігездікті халыққа түсінікті етіп көрсетті. Риза болдық.

«Дала балладаларын» құрайтын қойылымдардың  қай-қайсысы да философиялық ой мен көркемдік сипатқа ие.  Әр пьеса өмірдің шындықтарын тануға көмектеседі. Көрермен өткен тарих үзігінен бүгінгі көріністі сезінді.