Ақтауда белгілі ұстаз, спорт жанашыры Досан Ешмановты еске алуға арналған «Әкелер барысы» атты қазақша күрестен әкелер арасындағы ашық турнир өтті. Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан, сондай-ақ 5 ауданнан келген 26 балуан қатысып, бозкілемде өзара мықтыны анықтады.