Жаңаөзенде мектеп бітіру салтанатынан кейін кортеж жасаған 100 көлік айыптұраққа жабылды. Ал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түлектер отырған кортеж полиция қызметкерлері мен өзге де құқық қорғау органдары өкілдерінің ескертулерін елемей, түрлі құқық бұзушылық жасаған.