Осылайша, ал ғаш боп сахна шымылдығын №2 Ақтау қалалық емханасының "Емхана жұлдыздары" жайдарман тобы ашты. Топ құрамында 2 дәрігер мен 6 медбике қызметкері бар.Тек, нәзік жандылардан құралған топ мүшелері жеңіс тұғырынан көрінуді көздейді.
Гауһар Ғұмар - "Емхана жұлдыздары" тобының мүшесі
Өзіміздің жұмыс барысымызды көрсеткелі отырмыз. Яғни өзмізді жұмысымызды әзілмен әшекерлейміз. Әдеттегі өз жұмысымыздан сәл ауытқып, күлкілі қып көрсеткіміз келеді өзімізді. Басты мақсатымыз ерекшеленіп көріну, яғни әрине бізде жеңіске жеткіміз келеді. Бірақ оны әділ қазылар шешеді. Сондықтан барлық қатсушыларға сәттілік тілейміз.
Медицина қызметкерлері арасындағы көңілді тапқырлар ойынына барлығы 7 топ қатысты. Әр топ ойын шарты бойынша 3 кезеңге дайындалып келген. Атап айтсақ, олар сәлемдесу, үй тапсырмасы және сұрақ-жауап. Бірақ, көрсетілген әзілдің барлығы денсаулық сақтау саласымен байланысты болды.
Нұрсұлу Мұхамбетиярова - МО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, денсаулық сақтау басқармасының "25 игі іс " шарасы бекітілген болатын. Сайыс медицина қызметкерлерінің негізгі қызметінен басқа творчествалық көріністерін дамыту. 2-ден демалыс кездерін жақсы өткізуге және медицина қызметкерлерінің арасында алғаш рет жайдарманға үйрету.
Қазылар алқасы медицина қызметкерлерінің тапқырлығын бағалай отырып, әділ бағасын берді. Нәтижесінде, Жаңаөзен құрама командасы 1 орын-ға, ал облыстық наркологиялық диспансер тобы 2-ші орынға ие болды. 3-ші орын Мұнайлы аудандық орталық ауруханасына бұйырды.