"Маңғыстау" телеарнасы, осыдан 55 жыл бұрын өз жұмысын бастаған еді. Студиядағы бір ғана камера арқылы, түбектің тыныс-тіршілігімен көрермендерін хабардар етті. Алғашында, фотоапаратпен түсірілген суреттерді, объектив алдында ауыстыру арқылы жаңалықтарды жеткізе бастаған. Аса қатты мұқияттылық пен шапшаңдықты қажет ететін ұжымға, нағыз білімді білікті мамандар тартылды.