Дәурен Түркпенбаев - Назарбаев зияткерлік мектебінің 11- сынып оқушысы. Бұлақтардың биологиялық-химиялық құрамын зерттеу - оның алғашқы жобасы. Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауында су көздерінің көп кездесуі жерасты су қорының мол екенін білдіреді. Сондықтан оны жаңа технологиялар арқылы өндіріп, тиімді пайдалану қажет - дейді зияткер. Экспедицияның басты мақсаты да - өңірдегі су тапшылығын жоюдың балама жолын табу.

Дәурен Түркпенбаев - 11- сынып оқушысы
Бұл экспедицияның мақсаттары - біріншіден туған өлкеміздің бұлақтарын ашу. Оларды елімізге таныту. Олардың географиялық орындары мен ерекшеліктерін анықтау арқылы, екіншіден олардың құрамын зерттеу арқылы ішуге жарамды, жарамсыз екенін анықтау. Бұшл суларды алдағы уақытта туристерге де ұсынуға болады маршрутын. Егер оларды ауыз суға жарамды деп ашып жатсақ. Бірақ оны бәрі толықтай химиялық құрамын зерттеген соң анықталады.

Экспедиция тобы сапардан оралған соң, бұлақ басынан алынған сулардың атмосфералық қысымы мен теңіз деңгейінен биіктігін өлшеді. Ол үшін арнайы құрылғыны қолданды. Содан соң, облыстық экология департаментінің мамандары сандық сараптама жасады. Нәтижесі мынадай:

Салтанат Унбаева - биология пәні мұғалімі
Қолмыш бұлақ суының сутектік көрсеткіші қышқыл ортаны көрсетті. Ол деп отырғанымыз құрамында тұздардың көптеп мөлшері, стандарттан жоғары мөлшерде бар екенін көрсетеді. Яғни, ол адам ағзасына зиянды болу мүмкін. Көп мөлшерде ауыз су ретінде пайдаланатын болса. Қалған 3 бұлақ суларының құрамында ешқандай токсинді металдардың, ешқандай радактивті заттардың бар екендігі анықталған жоқ.

Жас зерттеушілер бұлақ атауларын жергілікті өлкетанушылар арқылы анықтаған. Алдағы уақытта ұмыт бола бастаған тіршілік нәрін картаға енгізу жоспарланып отыр.

Біржан Жұмашов - туризм және өлкетану үйірмесінің жетекшісі

Алдағы уақытта біздер осы Маңғыстау облысының үлкен тақырыптық картасын жасағымыз келеді. Яғни, ол картада тек қана Маңғыстаудың бұлақтарының қай жерде орналасқанын көруге болады. Және сол бұлақтарды ауыл шаруашылығына суармалы егіншілікте пайдалануға бола ма болмай ма сол жөнінде ақпараттарды ұсынғымыз келеді. Бұның әрине барлығы болашақтың еншісінде.

Ұстаздар мен оқушылардан құралған топ алдағы уақытта осы бұлақтардың орналасқан жеріне белгі орнатпақ. Бұл туристерге бұлақ суының таза немесе зиян екенін білуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыстың басқа да аудандарында экспедиция өткізбек.